Алматы қаласының Жетісу және Түрксіб аудандарының аумағында орналасқан бірқатар тұрғын және өзге де ғимараттарды ыстық сумен жабдықтау көшелер мен тұрғын үй массивтерінің контурында шектелетін болады, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
3 шілдеден 14 шілдеге дейін: Лавренев –Дөңентаева –Жұлдыз-2 ықшам ауданы (ішінара); 3 шілдеден 17-ші шілдеге дейін: Монтажная – Баймағамбетов -Федосеев-Баймағамбетов; 10 шілдеден 14 шілдеге дейін: Урицкий-Нұрсая-Бейсебаев-Бартольд; Хмельницкий-Бакинская-Староэлеваторская-Куйбышев; 10 шілдеден 31 шілдеге дейін: Поддубный-Сүйінбай-Дөңентаева-Хмельницкий; 13 шілдеден 20 шілдеге дейін: Острумов-Красногорская-Дегдар-Остроумов; 17 шілдеден 21 шілдеге дейін: Папанин-Сүйінбай – Ереванская-Стальский; Кассин-Жұмабаев-Бехтерев-Шереметьев; 24 шілдеден 14 тамызға дейін: Первомайская нефтебаза -Геологтар-Көкжиек ықшам ауданы.
Шектеулер «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, – деп жазды «Алматы жылу жүйесі» ЖШС.