Baker Tilly Qazaqstan Advisory компаниясы мен Forbes Kazakhstan журналы қазақстандық банктер рейтингісінің нәтижеcін жариялады, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
“2022 жылдың қорытындысы бойынша активтер мен меншікті капитал табыстылығының жоғары көрсеткіштеріне қарай, Kaspi Bank көшбасшы болып қалды”, – деп атап өтті рейтинг авторлары.
Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе былайша түсіндіріп өтті:
“Kaspi.kz-тің миссиясы – сүйікті клиенттеріміз бен серіктестеріміздің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен сервистер жасау. Бүгінгі таңда біз жай ғана банк емеспіз.
Kaspi.kz мобильді қосымшасын 12 миллионнан астам қазақстандық, ал Kaspi Pay қосымшасын 500 000-ға жуық кәсіпкер пайдаланады. Kaspi.kz қосымшасы арқылы көлікті қайта ресімдей аласыз, үйге азық-түлікке тапсырыс бере аласыз, ұшаққа билет сатып ала аласыз, балабақша ақысын төлей аласыз, анаңызға ақша жібере аласыз, депозит ашып, басқа да көптеген маңызды міндеттерді шеше аласыз. Кәсіпкерлерге арналған Kaspi Pay қосымшасы серіктестерімізге бизнесті басқаруға, сатылымды арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға көмектеседі. Осындай ыңғайлы әрі бірегей сервистердің барлығын Қазақстандағы керемет командамыз жасады.
Әр сүйікті клиентіміз бен серіктесімізге бізбен бірге болғаны үшін, ал командамызға үнемі жақсартулар мен инновациялар енгізіп отырғаны үшін, рейтингті ұйымдастырушыларға жұмысымызға жоғары баға бергені үшін мың алғыс!”,- деді Михаил Ломтадзе.
Рейтинг “Тұрақтылық”, “Тиімділік”, “Табыстылық” және “Рейтинг агенттіктерінің бағалауы” сияқты санаттағы 12 көрсеткіш бойынша барлық қазақстандық банктерді бағалау негізінде жасалды. Жалпы ұпай саны бойынша Kaspi тағы да абсолютті көшбасшы болды.