No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

“7-8 трлн теңге керек”: депутат Мархабат Жайымбетов ЖЭО-ларды жөндеуге қанша қаражат қажет екенін айтты

29.06.2023
Жаңалықтар
фото: ашық дереккөз

фото: ашық дереккөз

6
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Жылу инфрақұрылымын ретке келтіру үшін 400 млрд теңге емес, 7-8 трлн теңге керек. Мәжіліс депутаты, 2015-2026 жылдары Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетін басқарған Мархабат Жайымбетов Amanat партиясынан сайланған мәслихат депутаттарының республикалық форумының кулуарында осындай дерек айтты, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

«Қазақстанда 14 мың шақырым жылу желісі бар. Соның 2 мың шақырымы – жекеменшікте. Бұл – үлкен проблема. Жекеменшік қаржы салмайды, тек мемлекет қана салып отыр. Жекеменшіктегі 2 мың шақырым желінің 77 пайызы тозығы жеткен. Жекеменшік пен коммуналдық меншіктегілерді қосқанда бұл көрсеткіш 54 пайыз болып отыр», – деді ол.

Депутат тиісті комитетті өзі басқарған кезде бұл салаға бюджетттен қанша қаражат жұмсалғанын айтты.

«Кезінде Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы комитетін алты жыл басқарғанымды білесіздер. Жүздеген миллиард теңге жібердік. 4-5 жылдың ішінде 300 млрд теңгедей қаржы жібердік-ау деймін. Ол ақшаға тозығы жеткен жердің бәрін жамағанбыз. Ал жекеменшікте қалған жылу-электр орталықтарының бәрі проблемалық нысанға айналған. Мысалы, 37 ЖЭО болса, соның 30-ын қайтадан салу керек. Қолданысқа берілгеніне 50-60 жыл болған.

Оның бәрін Үкімет кешенді жоспар құрып шешпесе, шешілмейді», – дейді Мархабат Жайымбетов.

Сондай-ақ ол Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жылу жүйесін реттеу туралы ұстанымына пікір білдірді.

«Ондай кешенді жоспарды іске асыру үшін үлкен қаржы керек. Ондай қаржыны қайдан аламыз? Тариф, халықаралық қаржы ұйымдары, бюджет көзі бар. Тарифті көтерем деген сөз – халықтың қалтасына түсу. Оны 10-15 пайыз ғана көтеруге болады. 400 млрд теңге табамыз деп отыр Үкімет. Ол қазіргі ЖЭО-лардың бірқалыпты жұмыс істеп тұруына ғана жетеді. Халықаралық қаржы ұйымдарынан несие тарту – қымбат. 30 пайыздық несиені ешқандай бизнес алмайды. Сонда бюджеттен қаржыландыру көзі ғана қалады.

Біздің есебіміз бойынша жылу-электр орталықтарын, желілерді жөндеу үшін ғана 7-8 трлн теңге керек. Бұл – үлкен мәселе. Сондықтан біз қайта-қайта күмәнмен қарап отырмыз», – деді Мәжіліс депутаты.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Фермерлер барлық салық төлемдерінен босатылуы мүмкін

21.04.2023

Қарасайда темекі фабрикасы бой көтермек

01.02.2023

МӘМС бойынша тегін дәрі алуға болады

16.05.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа