Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың апелляциялық шағымы өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпарат агенттігі.
Жетісу облыстық сотында Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың апелляциялық шағымы қаралды.
Еске салсақ, Серік Күдебаев биыл 28 сәуірде Қаңтар оқиғасы бойынша 10 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Ол Қылмыстық кодексің 362-бабы (“Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану”) және 146-бабы (“Азаптау”) бойынша кінәлі деп танылды.
Алайда Күдебаев үкіммен келіспей, 7 маусымда апелляциялық шағым түсірді. Дегенмен бірінші инстанция сотының үкімі өзгеріссіз қалды.