Талдықорған әкімдігінің қызметкерлері коттедж қалашығын салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Жұмыстарды нақты орындамай, олар мердігерге 500 миллион теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын төлегені анықталды.
«Жетісу облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары мемлекеттік қаражатты жымқырды деген күдікпен құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы, Талдықорған қаласы әкімдігінде жұмыс істеп жүрген екі қызметкері, сондай-ақ техникалық қадағалаудың екі қызметкері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.
Осы факт негізінде Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 2-тармағының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Осы баптың санкциясы 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.