No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Қостанай облысындағы егіндіктерді шегіртке жеп қойды

03.07.2023
Әлеумет, Жаңалықтар
15
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қостанай облысының оңтүстіктегі екі ауданында егістік алқаптарын шегірткелер басып қалды. Жәндіктер егіндіктерге орасан зиян әкелуде деп хабарлайды Kazbusiness.kz 

Шаруалардың сағы сынып, мемлекеттік көмегіне деген үміті де өшкен.

“Биыл бізде егін жинау қиын. Себептердің біріншісі – 10 мың гектарға жуық жерді таптап кеткен еліктердің проблемасы. Ал қазір шегіртке.Биыл 10500 гектар жерді алып тастадық, қалғанын шегіртке жеп қойды.

Бұл мәселеде бізге ешкім көмектеспейді, әртүрлі органдарға жүгіндік. Кеше бір бөлімше келді, оның өзінде қажетті химиялық заттары жоқ, ұшақта жанармай жоқ. Еліктен қорғанып, шөп шаба алмадық, енді оны шегіртке жеді. Қыста малға не беретінімізді білмейміз. Шаруашылығымызда 200 бас мал бар, оны не істеуіміз керек?Бұл мәселені қайда шешуге болатынын білмеймін”, – деді шаруа қожалығының басшысы.

Әлеуметтік желілерде тұрғындар егістіктен түсірілген кадрларды жариялауда. Халық қоғам пен жергілікті биліктен жауап күтеді.

“Көлік жүргізу мүмкін емес! Бұл сұмдық, тіпті аударылып кетуің мүмкін”, – дейді кадрдағы ер адамдар.

Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы шегірткелердің пайда болуы мен таралуына мониторинг жүргізу бойынша жұмыс күн сайын жүзеге асырылатынын хабарлады.

“Шегірткелер үйірінен қорғау шаралары күн сайын жүргізілуде, алайда ауа-райы мен климаттық жағдайлар химиялық өңдеулерді жүргізуге әрдайым мүмкіндік бермейді. Химиялық өңдеуді таңертең және кешке +25 градустан төмен температурада жүргізуге болады.  Бүгінгі күні барлық өңдеу жұмыстары жүргізілуде және жалғасуда. Қорғаныс шараларын жүзеге асыру үшін техниканың мынадай түрлері тартылған: жердегі желдеткіш бүріккіштер – алты бірлік, авиация – екі бірлік, газ генераторлары – қауіп төнгендіктен орнын ауыстыратын бес қондырғы бекітілді. Бүгінде техника Жангелдин, Амангелді және Науырзым аудандарында химиялық жұмыстарды бақылау және жүргізу үшін таратылды”, – деп хабарлады инспекция.

Ведомство қазіргі уақытта барлық техникалық құралдар бар екенін, химиялық өңдеу жүргізіліп жатқанын, шегірткелер үйірінің үлкен аумақтарға таралу қаупін жою бойынша шаралар қабылданғанын атап өтті. Химиялық заттар мен техниканың жеткілікті қоры бар.

Жангелді ауданында шегірткенің ең көп таралған ауданы 242 мың гектарға жуық, Амангелді ауданында 14 мың гектарды құрайды.Сонымен қатар, шегірткелердің Жангелді ауданы жағынан Науырзым өңірінің шекаралас аймақтарына, оның ішінде кейбір жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің егініне айтарлықтай зиянсыз өту фактілері тіркелді. Қазіргі уақытта шегірткелердің негізгі бөлігі ауылшаруашылық дақылдарынан Жангелдин ауданының дала аймағына көшті.

 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Olzha Agro жеті жаңа сүт фермасын салуды жоспарлап отыр

05.08.2022

“Халықтың Төреші деген ұғымды тоқтату керек”: заңгер әншінің үстінен қылмыстық іс қозғауды талап етті

16.06.2023

Қостанайдағы агрокомпания 96 млн теңге субсидияны заңсыз алған

29.07.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа