Өзбекстанда мерзімінен бұрын өтіп жатқан президент сайлауы басталды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
“9 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 08.00-де (астана уақыты бойынша 9.00) Өзбекстандағы кезектен тыс президент сайлауы бойынша дауыс беру басталған барлық 10 784 сайлау учаскесі ашылды”, – делінген Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметінің мәліметінде.
Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталады.
Елдегі ең жоғары мемлекеттік лауазымға қазіргі президент Шавкат Мирзиеевтен бөлек (Либерал-демократиялық партия) Абдушүкүр Хамзаев (Экологиялық партия), Ұлықбек Иноятов (“Халықтық-демократиялық партия”) және Робахон Махмудова (“Адолат” социал-демократиялық партиясы) қосымша үміткер.