9 шілдеде сейсмологтар Алматыдан 266 шақырым жерде магнитудасы 4,8 балл болатын жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды kazbusiness.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты “СОМЭ” стансалар желісіне сілтеме жасап.
Ұйымның мәліметінше, жер сілкінісі 9 шілде күні күндіз Алматы уақытымен 14:54-те тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Қытайда орналасқан.
Магнитудасы 4,8 баллды құрады. Жер сілкінісінің тереңдігі 10 шақырым деп белгіленді. Сезімталдық туралы ақпарат жоқ.