Астанада “Яндекс” компаниясының курьерлері ереуілге шықты. Әлеуметтік желіде осы оқиғаның видеосы тарады, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
“Полиция жол қозғалысына айтарлықтай кедергі жасаған курьерлерді тоқтатып, мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында Есіл аудандық полиция басқармасына жеткізді. Сол жерде акцияға қатысушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – дейді тәртіп сақшылары.