2024 жылдан бастап 16 жасқа дейінгі балаларға 24 беттік паспорт үшін мемлекеттік баж 4 айлық есептік көрсеткіш – 13 800 теңге болады. Тиісті бұйрыққа ішкі істер министрі 30 маусымда қол қойды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
«ҚР азаматының 24 беттік паспорты – 4 АЕК (16 жасқа дейінгі балалар үшін), 48 беттік – 12 АЕК», – делінген құжатта.
36 беттен тұратын стандартты паспорт үшін мемлекеттік баж өзгеріссіз қалады, яғни 8 АЕК немесе 27 600 теңге.
Жеке куәлік үшін мемлекеттік баж 0,2 АЕК – 690 теңге болды.
Алайда ол жоғалған жағдайда бір жыл ішінде екі реттен артық алған кезде 1 АЕК – 3 450 теңге төлеуге тура келеді.
Құжатты жалпы тәртіппен 15 жұмыс күні ішінде алуға болады.
Сондай-ақ қосымша ақыға процесті жылдамдатуға болады:
- Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында жеделдіктің I санатымен – бір жұмыс күнінде құжат алуға болады. Ал II санат бойынша – үш жұмыс күнінде алуға болады.
- Облыс орталықтарында паспортты жедел алудың I санаты бойынша үш жұмыс күнінде, II санаты бойынша бес жұмыс күнде алуға болады.
- облыстардың аудандары мен қала тұрғындары жедел түрде төлқұжат алатын болса, ІІІ санаты яғни жеті жұмыс күнінде құжаты дайын болады.