Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков Абай облсындағы өрт кезінде Мемлекет басшысы айтқан сыннан кейін қызметінен кетуге өтініш жазған, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
«Қазіргі уақытта оны қызметінен босату туралы шешім келісу сатысынан өтіп жатыр», – делінген хабарламада.
Еске салайық, бір ай бұрын, Абай облысы «Семей орманы» резерватындағы өрт кезінде құрылған жедел штаб отырысында Президент Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Марат Күлдіковтің сөзін бөліп, оның баяндамасы негізгі мәселеден ауытқып кеткенін ескерткен. Президент ТЖМ басшысының дер кезінде келмегенін, облыс әкімі орынбасарларын жіберіп, жұмысқа деген немқұрайлы қарым-қатынас жасағанын сынға алған еді.