“Умай” әйелдер ипотекасы 2021 жылы басталды және 2 жыл ішінде 2 073 әйел өз баспанасына қол жеткізді – kazbusiness.kz
2023 жылы үшінші траншқа 15,6 млрд теңге бөлінгенін хабарлады банк өкілдері.
Айта кету керек, тек әйелдерге арналған бағдарлама үлкен дүрбелең тудырды және осы жылдың 10 мамырында түске дейін 1000-нан астам өтінім түсіп, өтініш қабылдау лезде тоқтатылған болатын.
“Бірақ біз бәріміз білеміз, тек өтініш беру ғана емес, сонымен қатар төлем қабілеттілігіңізді растау, баспана табу және оны бағалау маңызды – мұның бәріне бір ай беріледі.
Осы кезеңде үй сатып алу сомасы клиентке брондалады.
Әр түрлі жағдайларда клиенттер өздерінің өтініштерін бастартуы мүмкін. Мұның себебі пәтер сатып алудан бас тарту немесе төлем қабілеттілігін растай алмауы” – делінген банк жазбасында.
Бұл нені білдіреді?
Клиенттердің бір бөлігінің алдыңғы өтінім қабылдау кезінде ипотекадан бас тартуы себебінен банкте шамамен 6 млрд теңге резерв пайда болды. Енді ол ақша жаңа өтінімдерді қаржыландыруға бағытталатын болады.
Бұл дегеніміз, шамамен 400-450 әйел өз баспанасын тауып, қоныс тойын тойлауға мүмкіндік алды!
Отбасы Банкі өтінімдерді қабылдауды 19 шілдеде қайта бастайды.
Өтінішті банктің кез келген бөлімшесінде беруге болады.
Тұрғын үйді Астана, Алматы, Ақтау және Атырауды қоспағанда, Қазақстанның кез келген қаласында сатып алуға болады – бұл қалаларда берілген қарыздар бойынша лимит таусылды.
“Умай” шарттарын еске түсірейік:
- Ставка 14.4% (ЖТСМ 15.4% – дан), одан кейін 3.5% – 5% – ға дейін төмендейді (ЖТСМ 3.6% – дан)!
- Бастапқы жарна 15-тен 20% – ға дейін.
- Несие сомасы 30 млн теңгеге дейін, мерзімі 6 айдан 25 жылға дейін.
Бастапқы немесе қайталама тұрғын үй? Таңдау тек сіздікі!
Сонымен қатар үйді жөндеуге 3.7 млн теңге мөлшерінде қарыз алуға болады.