ҚР ҰҚК-ның Шымкент қаласындағы департаменті және қалалық ПД-ның жеке қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерінің бірлесе өткізген жедел іс-шаралары барысында демалыстағы көші-қон полициясы басқармасының бастығы ұсталды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, ол 1000 доллар көлемінде ақшалай пара алды деп күдікке ілінді.
Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық мән-жай сотқа дейінгі тергеу барысында анықталатын болады.
Бұған дейін маусым айының басында Қарағандыда полиция подполковнигі пара алғаны үшін ұсталғаны белгілі болған.