Алматыдағы “Солнышко” балабақшасында аула сыпырушысын бүлдіршіндерге азғындық көрсетті деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы құқық қорғаушы Айман Умарова өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпарат агенттігі.
Адвокат Айман Умарованың айтуынша, ата-аналар бір сұмдықты сезіп, бір-бірімен ақылдасқан. Сөйтіп балаларынан ақырындап сұрай бастаған. Балалардың барлығы оқиғаны бірдей етіп сипаттап берген.
“Балалардың айтуынша, кішкентай үйшігі бар. Сол жерге балаларды апарып, іш киімдерін шештірген. Ер адам өзі де іш киімін шешкен. Бір кішкентай қыз “ағаның дене мүшесі үлкен, бұтына дәретін жіберіп қойды” деген. Кейбір балалар жаңағы ер адамның балалардың денесінен, ішінен ұстап ойнағанын айтқан”, – дейді адвокат.
Осы ақпарат түскеннен кейін, 17 шілде күні ер адамды балаларға қатысты азғындық әрекетке барды деген күдікпен қамауға алынды. Бұл ақпаратты Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
“Күдікті ұсталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 124-бабы, 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді”, – делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Ведомство мәліметінше, болған оқиғаның объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіледі. Тексеріс нәтижесі бойынша қылмыстық іс бойынша процестік шешім қабылданады. Сотқа дейінгі тергеу барысы ПД басшылығының бақылауында