Әлемнің бірқатар елдерінде ауа температурасы тоқтамай өсуде. Әсіресе Еуропаның оңтүстігінде, сондай-ақ АҚШ пен Қытайда аптап ыстық жалғасуда. Бұл екі елде температура 50 градустан жоғары көтерілді, деп хабарлайды kazbusiness.kz тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.
Синоптиктер аптаның ортасына дейін температура көтеріледі деп болжамдайды.
Итальяндық Сардиния аралының оңтүстігіндегі температура 46°C болады деп болжануда, дегенмен бұл арал әдетте онша ыстық емес. Материктік Италияның оңтүстігінде максимум 43°C болады деп болжануда.
Соңғы болжамға сәйкес, Испанияның оңтүстігінде максималды температура 46°C, ал Францияның оңтүстігінде 40°C жетеді.
Америка Құрама Штаттарының оңтүстік-батысында да аптап ыстық басым, метеорологтар 38 қалада температура рекордтары жаңаруы мүмкін деп ескертеді.
Ұлттық ауа райы қызметінің мәліметі бойынша, жексенбіде Лас-Вегаста температура 46,6°C жетті.
Аризона штатының Феникс қаласында температура рекордтық 47,2°C дейін көтерілуі күтілуде.
Бірақ жексенбіде ең жоғарғы температура Калифорниядағы Өлім алқабында болды, онда 53,9°C тіркелген.
Ал жердегі ең жоғарғы температура Өлім алқабында тіркелді, 1911 жылы термометр бағанасы 56,7°C дейін көтерілген еді.
Американдық сарапшылар бұл жылу толқынының басты проблемасы күндіз температураның жоғарылауы емес, түнде жеткілікті түрде төмендемеуі деп санайды.
Жақын арада, тіпті түнде де, Аризонадағы температура 32°C-тан төмендемейді деп күтілуде.