Алматыда 29 жастағы әйел екі баласының көзінше өзіне қол жұмсады. Келіншек өз үйінде басқа тағатын орамалына асылып қалған деп хабарлайды Kazbusiness.kz
Куәгерлердің айтуынша, анасының суицид жасағанын 1 және 5 жасар кішкентей қыздары көріп, ештеңе түсінбей жылай беріпті. Көршілері марқұм келіншек Қырғызстан азаматы екенін жеткізді. Күйеуінің озбырлығына шыдай алмай өмірімен қош айтысқан деп топшылайды олар. Қазір полиция қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Қайғылы оқиға кеше кешкі сағат ондар шамасын дәл осы үйдің үшінші қабатында болған. 29 жастағы әйел кәмелет жасына толмаған екі қызының көзінше өз үйінде асылып қалған. Оның мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз. Куәгерлердің айтуынша, алдымен 5 жасар қыз терезеден жанұшыра айғайлап көмек сұрапты.
Баланың жылаған дауысын алғаш болып аулада демалып отырған Нұргүл Әлікбаев естіген. Келіншек алып-ұшып пәтерге қарай жүгіріпті. Алайда үйдің ішіне кіргенде бәрі тым кеш еді. Ол өз орамалына асылып тұрған көршісінің жан тапсырғанын көріп, бірден полицияға хабарлаған.
“Бір кішкентай баласы жерде жатыр екен жылап. Үлкен қыз жүгіріп алдымнан шықты да “маманы түсіріңізші, маманы түсіріңізші” деді. Мен түсірмедім. Милиция мен скорыйға звондадым. Күндіз тағып жүрген орамалы болған. Сонымен босағасында асылып тұр екен. Аяқбасы бәрі көгеріп кеткен. Тілі шығып кеткен. Мен түсіндім уже поздно екенін. Кеткені сразу білініп тұрды”, –дейді оқиға куәгері Нұргүл Әлікбаева.
Қорқынышты көріністен кейін есеңгіреп қалдым деген Нұргүл пәтерде тек 1 және 5 жасар екі қыз жүрген дейді. Ал, өмірімен қош айтысқан әйел Қырғызстан азаматы екен. Көршілерінің айтуынша, діндар күйеуі жұбайына күн көрсетпей, жиі ұрып-соғады. Жантүршігерлік оқиға болған Мамыр-4 ықшамауданының тұрғындары марқұм зорлық-зомбылыққа шыдай алмай, өзіне қол жұмсауы мүмкін деп топшылайды.
Ал, қара жамылған отбасының жақындары сұхбат беруден бас тартты. Марқұмның күйеуі қай жерде жұмыс істейтінін де ешкім білмейді. Оның бұл өлімге қандай қатысы бар екенін енді тәртіп сақшылары анықтамақ.