Алматы облысының Жамбыл ауданында толассыз жауған жаңбырдың салдарынан 140-қа жуық үйді су басты деп хабарлайды Kazbusiness.kz
Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі, аудандық маңызы бар КВ-10 Ұзынағаш – Бесмойнақ тас жолында Шиен және Қараарша ауылдарына жақын жерде тасқын су жолдан асып кеткен. Жол бойында сел, лай мен тастар пайда болғаннан кейін жол көлік қозғалысына жабылды. Сонымен қатар, орташа қысымды газ құбырының бір бөлігі (шамамен 70-80 метр) зақымданған.
Шиен ауылында 140-қа жуық үйдің ауласын су басты.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ Ұзынағаш қаласында орналасқан 28237 әскери бөлімінің 30 әскери қызметкері келді.
Төтенше жағдайлар департаменті Қараарша ауылы тұсындағы Ұзынағаш-Бесмойнақ жолының 54-ші шақырымында көлік қозғалысы қайта жанданып, жол жиегі тас пен лайдан тазартылғанын хабарлады.
Су басқан үйлердің аулаларынан су тартылуда.
“Су деңгейі төмендеді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ”, – делінген төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.