Алматы облысы Қарасай ауданында 25 жастағы шетелдік азамат сауда орталықтарының бірінде кішкентай қызға дене жарақатын келтірген, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Cауда үйінің бейнебақылау камерасына түскен бейнежазбада ересек ер адам кішкентай қызды тепкені анық көрініп тұр. Кадрларда нәрестенің арбаға қалай жақындағаны, содан кейін ер адамның оны басқа бағытта қатты тепкені көрсетілген.
Полицияның мәліметінше, 1998 жылы туған Түркия азаматы қызға дене жарақатын салған. Күдікті жауап алу барысында оқиғаны баяндап, өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта шетелдікті Қарасай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады.
Қазір тиісті сараптама тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.