Ақтау қаласынан 51 шақырым жерде Каспий теңізіне үрмелі матраспен шыққан үш қыз іздестіріліп жатыр деп хабарлайды Kazbusiness.kz
Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше қыздарды іздестіруге техникалар ұйымдастырылған.
“Ақтаудан 50 шақырым жерде Төтенше жағдайлар департаменті, ҰҚК Шекара қызметі және Полиция департаментінің күштері пневматикалық төсенішпен ашық теңізге ағызып кеткен үш қызды іздестіруде. Іздестіру жұмыстарына “Қазавиаспа” тікұшағы жұмылдырылды. Іздеу жұмыстарының нәтижесі кейінірек хабарланады”, – деп түсіндірді ведомстводан.
Ал із-түзсіз жоғалған қыздарды іздеуге көмек сұраған үндеу әлеуметтік желіде де тарап жатыр. Бұл үшін дроны бар адамдардың көмегі қажет екені атап өтілген.