Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтар арасында 2022 жылы ең көп таралған ауруларды атады, деп хабарлайды kazbusiness.kz тілшісі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
Олар:
- тыныс алу мүшелерінің аурулары – 11 138,1 адам;
- қан айналымы жүйесінің аурулары – 3962,5 адам;
- несеп-жыныс жүйесінің аурулары – 3948,3 адам.
Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылғы әйелдер, ерлер, балалар және қарттар арасындағы сырқаттанушылық туралы деректерді жариялады.
2022 жылдың қорытындысы бойынша 0-17 жас аралығындағы 100 мың тұрғынға шаққанда балалар арасында ең көп таралған аурулар:
- тыныс алу мүшелерінің аурулары – 39 587,86 адам;
- ас қорыту жүйесінің аурулары – 6640,15 адам;
- тері және тері астындағы тіндердің аурулары-3287,30 адам.
Әйелдер арасында:
- тыныс алу мүшелерінің аурулары – 16 406,67 адам;
- қан айналымы жүйесінің аурулары-5849,68 адам;
- несеп-жыныс жүйесінің аурулары – 7600,73 адам;
Ерлер арасында:
- тыныс алу мүшелерінің аурулары – 12 222,32 адам;
- қан айналымы жүйесінің аурулары – 4334,68 адам;
- несеп-жыныс жүйесінің аурулары-2468,06 адам;
Қарттар арасында:
- тыныс алу мүшелерінің аурулары – 9749,29 адам;
- қан айналымы жүйесінің аурулары – 9418,24 адам;
- тірек-қимыл жүйесі мен дәнекер тіндердің аурулары – 4211,15 адам.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жүректің ишемиялық ауруы, цереброваскулярлық ауру, төменгі тыныс жолдарының инфекциясы, ЖИТС, өкпенің обструктивті ауруы (созылмалы түрі), диарея аурулары және туберкулез сияқты аурулар Қазақстан халқы арасында көшбасшы емес:
- 100 мың тұрғынға коронарлық артерия ауруының қатынасы – 560,7 адам;
- цереброваскулярлық аурулар – 287,3 адам;
- басқа созылмалы обструктивті өкпе аурулар – 124,19 адам;
- туберкулезбен сырқаттанушылық – 36,5 адам;
- АИТВ-инфекциясымен сырқаттанушылық – 20,3 адам;
- жіті ішек инфекцияларының тобы (диарея аурулары) – 36,59 адам.