Семей қаласының коммуналдық инфрақұрылымын жөндеуге Үкімет резервінен 16,3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді деп хабарлайды Kasbusiness.kz
Премьер-Министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды.
Семей қаласының жылу желілерінің ұзындығы 322 шақырымды құрайды, оның 68% тозған. Кей бөліктердегі жылу желілері 100% тозған (1966 жылы іске қосылған). Өткен жылыту маусымында қала желілерінде 337 апатты жағдай орын алды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 21% жоғары.
Семей қаласын жылыту маусымында сапалы қызметпен қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту, жылыту маусымының үздіксіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі жылу желілерінің тозығы жеткен бөліктерін анықтады, жобалау-сметалық құжаттама дайындап, жөндеу жұмыстарын жүргізуге сараптамадан оң қорытынды алды.
Үкімет резервінен бөлінген қаржы Семей қаласындағы желілік сорғыларды ауыстыра отырып, 1-ЖЭО-дан 1, 2, 3, 4-павильондарға дейін 5,8 шақырым магистралдық жылу желілерін күрделі жөндеуге бағытталады.