Кеген ауданына Олимпиада жүлдегері әкім болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazbusiness.kz
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Кеген аудандық мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша және Алматы облысы әкімінің өкімімен Нұрбақыт Молдахметұлы Теңізбаев Кеген ауданының әкімі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Алматы облысының әкімдігімәлімдеді.
Грек-рим күресінен Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев Алматы облысы, Кеген ауданының әкімі болып тағайындалды.
Бұған дейін аудан әкімінің міндетін Кеңес Қабылбеков атқарған. Нұрбақыт Теңізбаев болса, осыған дейін Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарды.
Нұрбақыт Молдахметұлы 1983 жылы 10 сәуірде Алматы облысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылында туған. Грек-рим күресінен бірнеше дүркін Азия чемпионатының жүлдегері. 2008 жылғы Бейжің олимпиадасының вице-чемпионы.2009 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері . 2014 жылдан бері Алматы облыстық жоғарғы спорт шеберлік мектебінің директоры қызметін атақарып келген.
Талдықорған қаласының және Панфилов ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері.