Respubliсa партиясы үкіметтің вейптерге толығымен тыйым салу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді деп хабарлайды Kazbusiness.kz
Қаржы министрлігінің мәліметінше, соңғы екі жылда вейптер айналымы 300 есеге өскен. Соңғы бірнеше жылда балалар мен жасөспірімдердің вейптерді тұтынуы айтарлықтай өскен және 2,5 жыл ішінде елімізге 3 миллионға жуық вейп әкелінген.
“Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 10 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Respublica партиясының фракция мүшесі Нұргүл Тау еліміздің Премьер-Министріне депутаттық сауал жолдаған болатын. Сауал қазақстандықтардың балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында вейптердің таралуын тоқтатуды талап еткен үндеулеріне негізделген”, – делінген хабарламада.
Депутаттың сөзінше, комиссия мүшелерінің барлығы дерлік (12, қарсы 2) бұл шешімді қолдаған.
“Вейптерге тыйым салу жұмысын өткен шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаттары Зарина Қамасова мен Еділ Жаңбыршин бастады. Қазіргі шақырылымда Мәжілістегі “Respublica” партиясының фракциясы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, “Темекісіз” қоғамдық қорының басшысы Жәмилә Садықова, “Салауатты одақ” бастамашыл бірлестігінің сарапшылары қолдауымен үлкен жұмыс атқарылды”, – деп мәлімдеді партия өкілдері.