Ол қазақ және әлем музыкасының аңыздарына және 19 жыл бұрынғы фестиваль қандай болғанын еске алуға арналды. Үшінші фестиваль күнінің басты идеясы «Ұрпақтар сабақтастығы» болды. Сондықтан, үшінші күні ең алдымен балалар флешмобын көрдік, содан кейін сахнаға «Жас қанат. Балалар» байқауының жеңімпаздары шықты. Жұлдыздарға ерекше концепция – балаларымен ән шырқау ұсынылды. Қазақстанның халық әртісі Нағима Есқалиева ұлы Диас Абылаевпен дуэт орындаса, Қазақ КСР-нің халық әртісі, Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Роза Рымбаева сахнаға ұлдары Әли Рымбаев, Мәди Оқаповтармен трио болып шықты.
Фестивальдің үшінші күні сағынышқа толы болды. Экран арқылы көрермендерге 90-шы жылдардағы аты аңызға айналған «Азия дауысы» сахнасында бүгінгі әртістердің қандай болғаны туралы роликтер көрсетілді. Сондай-ақ олар әйгілі «Азия дауысы» джинглының авторы, бірнеше ДДД дейтін дауысты жасаған, фестивальге Германиядан арнайы келген Виталий Михаэлистің естеліктері айтылды.
Ең бастысы, қатысушылар «Азия дауысы» сахнасында тұңғыш рет Александр Беляковтың жетекшілігімен Al Jazz Symphony эстрадалық және симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өнер көрсетті.
Үшінші күннің хедлайнерлеры – өзбектің “Ялла” тобы мен Швециялық “Secret service” тобы болды. Оны фестивальдің бас продюсері Арманжан Байтасов таныстырды.
“Фестиваль командасы үш күн бойы керемет жоба жасап жатыр. Мен екі элементтің – «ескі мектеп» және жаңа команданың біріктірілгеніне өте қуаныштымын және ұжымға рахмет айтамын. Бірінші күнді жасаған Азат Әбікенге, екінші күні Black Eyed Peas келуін ұйымдастырған Сәбит Сүлейменовке және «Азия дауысы» қоғамдық қорының президенті Ирина Ковырякоға алғысымды білдіремін”, – деді, Арманжан Байтасов.
Сондай-ақ, Арманжан Байтасов фестивальдің демеушісі Allur Auto ұсынған Chevrolet Onix автокөлігін Кенже есімді әйел ұтып алғанын және бұл да интрига болғанын айтты. Ұтыс ойыны екі рет өткізілген, алғашқы жеңімпаздар билет саны аталғанда сахнаға шықпаған. Бірақ ақыры көлік өз иесін тапты.
Фестиваль осымен аяқталды. Енді оның негізін қалаушылар – Мұрат Ерғалиев пен Александр Пономарев ойлап тапқан байқау форматында келесі жылы “Азия дауысы – 2024” фестивалі өтпек.