СҚО шошқа кешенінде төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды kazbusiness.kz тілшісі өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Солтүстік Қазақстан облысында Тайынша ауданында EMS AGRO компаниясында шошқа кешенінде төтенше жағдай орын алды.
“ЖШС-нің төрт жұмысшысы ауысым аяқталғаннан кейін Тайынша ауданы Новоивановка ауылындағы жұмыс орнынан, бордақылау алаңынан шыққан жоқ. Сегіз метр тереңдіктегі кәріз жинағышын тазалау кезінде төртеуі де қаза тапқаны анықталды”,-деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ресми мәліметтер бойынша, СҚО әкімі Айдарбек Сапаров, әкімнің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов, полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдулдинов, Тайынша ауданының прокуроры Ғалымжан Әубәкіров, мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Марат Омаров орналасқан.
“Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша арнайы комиссия құрылды. Себептері анықталуда. Қазір өңір басшысы қаза тапқандардың отбасыларына барады”, – делінген СҚО әкімдігінің хабарламасында.