Қазақстандық және ауғандық кәсіпкерлер 190 млн долларға келісімшарт жасасты, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Астанадағы қазақ-ауған іскерлік форумында жалпы сомасы 190,8 млн долларға экспорттық келісімшарттарға қол қойылды.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін, ұн мен өсімдік майын жеткізуге барлығы 15 шарт, сондай-ақ майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы (Қазақстан) мен май дилерлерінің Балх одағы (Ауғанстан) арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде атап өткендей, Ауғанстан қазақстандық өсімдік майының ең ірі импорттаушыларының бестігіне кіреді, бұл форум алаңында қол жеткізілген уағдаластықтарды растайды.