3 тамызда жергілікті басылым Щучинск қаласының әкімі Олжас Нұрмағамбетов әлеуметтік желілердің тікелей эфирінде атқарылған жұмыстар туралы есеп бергеннен кейін қала тұрғындарына дөрекі сөйлегенін мәлімдеді. Өз кезегінде, Бурабай ауданының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды kazbusiness.kz тілшісі.
“Щучинск қаласының әкімі О. Нұрмағамбетовтың халықпен есептік кездесуі барысында аудиториядан сұрақтар түскен жоқ. Тікелей эфирді өткізген әкімдік қызметкері лауазымды тұлғаның балағат сөздер айтуына жол берілмегенін түсіндірді. Олжас Нұрмағамбетов жеке бейнеролик жазып, онда аудан тұрғындарының атына жағымсыз және әдепсіз сөздер айтуға жол бермегенін мәлімдеді”, – делінген Бурабай ауданы әкімдігінің хабарламасында.
О. Нұрмағамбетов егжей-тегжейлі түсініктеме берді, оның видеосы Бурабай ауданы әкімдігінің ресми парақшасында жарияланды.
“Құрметті Щучинск қаласының тұрғындары! Сіздерге, мен, Щучинск қаласының әкімі Олжас Нұрмағамбетов сөйлеп отырмын. Кеше, 2 тамызда Бурабай ауданының әкімдігі тікелей эфир өткізді, онда мен Щучинск қаласының әкімдігімен ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы есеп бердім. Тікелей эфир барысында және одан кейін Щучинск қаласының тұрғындарына жағымсыз, тіпті одан да жаман сөздер айтылмағанын хабарлаймын”, – деді қала басшысы.
Сонымен қатар, аудан әкімдігінің баспасөз қызметі қала әкіміне қатысты қызметтік тергеу басталғанын хабарлады.