“Теміржолсу-Маңғыстау” ЖШС-нің бұрынғы бас есепшісі сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иемденді немесе ысырап етті деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды kazbusiness.kz порталы ҚР ҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Хабарламада кәсіпорынның бұрынғы бас бухгалтері, квазимемлекеттік сектордың қызметкері бола отырып, 2021 жылғы желтоқсаннан 2023 жылғы мамырға дейінгі кезеңде салықтарды төлеу сылтауымен төлем тапсырмаларына дұрыс емес мәліметтер енгізу арқылы серіктестіктің ақшалай қаражатын кейіннен оларды қайтарып алған жеке тұлғалардың банктік шотына аударғаны айтылған.
“Ол кәсіпорынның заңсыз иемденген ақшалай қаражатын өзінің жеке қажеттіліктеріне жұмсады. Бас бухгалтердің қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде серіктестікке 225 млн теңгеден астам сомаға аса ірі мөлшерде материалдық залал келтірілді”, – делінген ҚР ҚМ баспасөз қызметінде.
Сондай-ақ, тергеу шаралары жалғасуда.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп есептеледі.
2023 жылғы 3 тамызда АФМ баспасөз қызметінде Астана аумағында қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша “Sincere Systems” ЖШС басшылығына қатысты үкім туралы айтылды. Сот үкімімен басшы инвестициялар саласындағы қызметпен айналысуға 5 жылға тыйым сала отырып, шартты түрде 6 жылға бас бостандығынан айырылды.