Жезқазған қаласының екі тұрғыны MetaGo қаржы пирамидасының жарнамасына күдікті. Бұл фактіні Ұлытау облысы бойынша АФМ департаментінің қызметкерлері өңірдің прокуратурасын үйлестіру кезінде Агенттіктің талдау бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасай отырып анықтады, деп хабарлайды kazbusiness.kz порталы АФМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Facebook, Instagram әлеуметтік желілері, “Whatsapp” ЖӘНЕ “Telegram” мессенджерлері, “YouTube” бейнехостинг сайты), сондай-ақ ақпараттық ресурстар (“YouTube” символикасы бар брендтік киімдер мен плакаттарды пайдалана отырып, халықпен кездесулер мен жиналыстар өткізу арқылы күдіктілердің қаржы пирамидасының қызметі туралы ақпаратты жеке өзі таратқаны анықталды.
Бұл әрекеттер оларға 80-нен астам азаматтан 63 млн теңгеден астам шығын келтіре отырып, қаражат тартуға мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК 217-1 – бабы бойынша тергеу жүргізілуде-адамдар тобының қаржы пирамидасын жарнамалауы.
Бұдан басқа, осы тұлғаларға қатысты “MetaGo”қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін құруға және басшылыққа алуға күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. Егер сіз және сіздің жақындарыңыз metago компаниясының қызметіне тап болса, АФМ тұрғылықты жері бойынша Экономикалық тергеу департаментіне немесе АФМ call-орталығына хабарласуды сұрайды.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп есептеледі.