Қазақстандағы инфляция шілдеде жылдық мәнде 14%-ға дейін төмендеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
“Азық-түлік инфляциясы жылдық көрсеткіште ақпан айындағы 26,2% шыңынан 13,5%-ға дейін екі есеге жуық баяулады. Азық-түлік емес және сервистік инфляция тиісінше 15% және 13,6% дейін баяулады”, – деді Виталий Тутушкин.
Спикер Ұлттық Банктің базалық жылдық мөлшерлемесі 16,75% құрайтынын атап өтті. Ол бойынша кезекті шешім 25 тамызда қабылданады.
“Экономика мен іскерлік белсенділіктің жаһандық өсу көрсеткіштері оң аймақта сақталуда. ХВҚ-ның сәуір айындағы болжамымен салыстырғанда тәуекелдердің қысқа мерзімді әлсіреуіне қарамастан, тәуекелдер балансы әлемде әлі де жоғары инфляция мен нәзік геосаяси жағдайға байланысты ұзақ мерзімді перспективада нашарлауға бет бұрды”, – деп қосты Виталий Тутушкин.