Мемлекеттік кірістер комитеті ең өзекті сұрақтардың біріне жауап берді: салық төлеу үшін әкім аппаратының БСН-ін қайдан көруге болады, деп хабарлайды kazbusiness.kz тілшісі.
“Әкім аппаратының БСН-ін мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz сайтынан көруге болады “ақпараттық ресурстар” бөлімінде “анықтамалар” қойындысы, бұдан әрі “жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен Мемлекеттік кірістер органдарының анықтамалығы”, – деп хабарлады МКК.
Онда әкім аппаратының БСН-ін көрсете отырып, салық төлеушілер мүлік салығын, жер салығын және жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты, бірыңғай жер салығын, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемді, сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлемді, төлем көзінен салық салынбайтын жеке табыс салығын және бюджетке сәйкес кейбір салықтық емес төлемдерді төлейтінін ҚР Кодексімен түсіндірді.