Жыл өткен сайын заман талабы өзгеріп, жаңа өзекті мамандық түрлері пайда болуда. Осы орайда kazbusiness.kz. осы жылдың актуалды мамандықтарының тізімін ұсынбақ. Тізімде көрініс тапқан мамандықтар кем дегенде 10-15 жыл өзектілігін жоғалтпай, мамандық иелеріне үйде отырып ақ, жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
- Жасанды интеллектті оқытушы, дамытушы эксперт мамандығынан бастасақ. Аталмыш мамандық иесі жасанды интеллекттің жаңа дүниелер игеріп, дамуына бағытталған алгоритмдерді жазумен айналысады. Жасанды интеллекттің пайда болғандығына көп уақыты болмаса да, инженерия, технология нарығында ойып тұрып орын алған жаңа мамандықтар қатарына кіретіндігі сөзсіз. Жасанды интеллектті дамытумен айналысатын маман жалақысы орташа есеппен – 650000 теңгеден басталады.
- Киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуші маман. Компьютерді кибершабуылдардан,хакерлардан, вишингтен қорғап, ақпараттық қауіпсіздікті жүзеге асырады. Аталмыш маман жалақысы орташа есеппен-569000 теңге.
- Аналитик мамандығы. Кез-келген нишада бизнес, ғылым, менеджмент болсын өзектілігі жоғалмайтын мамандық. Жұмыс нишасына байланысты ақпаратты жинау, өңдеу, компания үшін ұтымды стратегия жасаумен айналысады. Қазақстанда орташа есеппен аналитиктар жалақысы-502000 теңге.
- UI/UX дизайнер мамандығы. Кез-келген бизнес интерфейсының пайда болуын және тұтынушы үшін пайдалы әрі ыңғайлы болуын қамтамасыз етуші мамандықтар. UI/UX дизайнер мамандығының жалақысы орташа есеппен -350000 теңге.
- SMM- маман. Компанияның әлеуметтік желілерде дамуын жүзеге асырады. Қарапайым сөзбен айтқанда әлеуметтік желілердегі маркетинг. SMM- мамандар орташа есеппен -180000-260000 теңге көлемінде жалақы алады