No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Керек-дерек

9-20-25 бағдарламасының қосылуы тұрғын үй нарығына қалай әсер етеді?

27.02.2024
Керек-дерек
12
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

1 наурыздан бастап “9-20-25” ипотекалық бағдарламасы іске қосылады. Бағдарламаның басталуы тұрғын үй нарығында белгілі бір өзгерістер енгізуі мүмкін. 2024 жылы жалпы нарықтан не күтіледі? Бұл сұраққа жылжымайтын мүлік бойынша сарапшы Қайрат Қожанов жауап берді.

Маманның айтуы бойынша осы жылы тұрғын үй нарығының бізге таңсық бірнеше фактор іске қосылып әсер ететіні туралы айтып өтті.

“2024 жылы нарық былай өзгереді деп нақты, кесіп айта алмаймыз, өйткені бұл жиынтыққа байланысты. Негізі тұрғын үйдің бағасына әсер ететін бір емес, бірнеше фактор бар. Оған әлемдік экономика, инфляция, долларға деген сұраныс, теңгенің құлдырауы, жаңа ипотекалық бағдарламаның пайда болуы, елімізде қандай да бір заңның шығып, талаптың қойылуы жатады. Мысалы, бүгінде Алматыда жер сілкінісінен кейін басқаша талап қойылып, техникалық сипаттамасы жіті тексеріліп жатыр. Осыған байланысты кейбір құрылыс компаниялары нарықтан шеттетілсе, басқасы талаптың күшейтілуіне байланысты тұрғын үй бағасын көтеруі ықтимал. Егер салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, менің ойымша, биыл тұрғын үйдің бағасы кем дегенде 10 пайызға өседі. Мен бұл болжамыма негіз ретінде республика бойынша халық санының өсуін келтіргім келеді. Сондықтан әрбір отбасыға үй керек, мысалы жылына қаншама адам дүниеге келеді, үйленеді, оның бәріне баспана керек”, – деді ол.

Сонымен қатар сарапшының айтуынша жеке үй салу немесе сатып алу тиімсіз екенін қоса кетті.

“Қазір адамдар жер сатып алып, жеке үй соғудың тиімсіз екенін, оның статистикасының төмендегенін түсінді, керісінше, қазақтар дайын үйді ипотекаға сатып алуға үйренді деп айтуға болады. Оған қоса, халықта толық бір үй салуға жететін қаражат жоқ, олардың қаржылық сауаттылығы жақсарды. Мысалы, бұған дейін адамдар бірінші жылы жер сатып алып, екінші жылы үй салып, үшінші жылы ғана үйдің құрылысын толық аяқтап, көшетін еді. Яғни бір үй салу үшін 3 жыл бойы пәтер жалдайды немесе туыстарының үйінде тұрады. Ал қазір адамдардың ойлау қабілеті өзгерді, олар үйге бірден көшіп барып, айналасындағыларға кедергі келтіргісі келмейді”, – дейді маман.

Қайрат Қожановтың сөзінше, тұрғын үйдің бағасына әсер етуші тағы бір фактор – қала ішіндегі жердің тым қымбат болуы. Ол халықтың қолындағы қаражаты жететін жер телімі – қала сыртында, алыста екенін айтады. Ал бұл оларға ыңғайсыз, өйткені көпшілігінің жұмыс орны қала ішінде.

Еске сала кетсек, 2024 жылдың 1 қаңтары Алматы қаласының халық саны 2228,5 мың адамды құрады.

Жылжымайтын мүлік бойынша сарапшы мемлекеттік ипотекалық бағдарламаның іске қосылуы тұрғын үй бағасына қалай әсер ететінін түсіндірді.

“Сарапшылардың айтуынша, 2021-2022 жылдары БЖЗҚ түскен ақша мөлшері мен “7-20-25” бағдарламасының әсерінен тұрғын үй бағасы қатты өсті. Кейін зейнетақы қорына түсетін ақша тоқтап, “7-20-25″ бағдарламасына шектеу қойылғаннан кейін ол баға қайта түседі деп күтілген еді. Алайда баға мүлде өзгермеді, түспеді, көзге көрінбеді. Ал мегаполистер мен үлкен қалаларда баға өзін ұстап тұрып қана қоймай, тағы өсті деуге болады”, – дейді маман.

Байланысты Материалдар

Көлік жүргізушілер назарына!

06.05.2024

Мемлекеттік корпорация заң бұзушылықтармен күресті күшейтті

18.04.2024

Регистрация рождения ребёнка: что нужно знать

20.03.2024

Баланың тууын тіркеуде нені білу қажет?

20.03.2024

Неге жас журналисттердің IT сферасына бет бұрғаны жөн?

12.03.2024

Қант диабетінің симптомдары

08.03.2024

Ұсынылатын материалдар

Дүниежүзілік банк Алматы облысында инвестициялық жобаларға қолдау танытпақ

13.01.2023

64 мың бизнес-жоба мемлекеттен қолдау тапты

03.08.2022

Қазақстанда 10 миллиондай еркек бар: олар қалай күн көруде?

07.05.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа