2024 жыл басталмай жатып екі жер сілкінісі орын алып, қазақстандықтар арасында дүрбелең туғызғаны анық. Алматы қаласы сейсмологиялық қауіпті аймақтардың бірегейі. Риелторлардың пайымдауынша көп алматылықтар жер үйге немесе көп қабатты үйлердің бірінші қабатындағы үйлерге көңіл аударып бастаған. Комфорт-класс үйлер орташа есеппен бастапқы бағасынан 10 %-ға төмендеп кеткен. Бұған дейін үйді жалға алу орташа есеппен 450-500 мың теңге болса, жер сілкінісінен кейін үйді жалға алу бағасы 350-400 мың теңге аралығына дейін түскен. Жылжымайтын мүлік агенті Қуаныш Шарипов “ Өзіміздің Астанадағы әріптестерімізбен сөйлесу барысында сатылым санының күрт өсуін байқадық.” Яғни елордадағы үйлерге деген сұраныс артқан. Көп эксперттер жаппай дүрбелеңдердің қаңтар айынан кейін күрт көбейіп, лезде түсіп кеткендігін атап өтті.