660 мың қазақстандықты алаяқтар 2 миллиард теңгеден астам сомаға алдаған, деп хабарлайды kazbusiness.kz
«Жанашыр азаматтардың жақсы ниеті «жалған» мұқтаждар үшін оңай табысқа айналуы мүмкін», – деп ескертеді ведомство.
Жалпы жиналған қаржы сомасы 6 млрд теңгені құрады, оның 33% (2 млрд) алаяқтық белгілері бар.
ҚМА басшысы Д. Малахов жосықсыз азаматтар “ем” және “жағдайы төмен адамдарға көмек көрсету” үшін қайырымдылық қызметі мен көмек көрсету түріндегі қаражат жинауды кедергісіз және бақылаусыз жүзеге асыратынын атап өтті. Яғни күдіктілер әлеуметтік желіде «ем» және «жағдайы төмен адамдарға көмек көрсету» үшін ақша сұраған.
Олар ақшаны жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алуға, тұрмыстық шығындарға, букмекерлік кеңселерде бәс тігуге және шетелдегі қымбат пәтерлерді жалға алуға жұмсайды.
Сонымен қатар интернет желілеріне салынған “мұқтаж” адамдар парақшасы өтірік болып шығуы да мүмкін.Жанашыр азаматтар қайырымдылық көрсетер кезде құжаттардың болуын тексерген жөн не болмаса осындай алаяқтарды “жалған”қолдауымыз мүмкін.