2024 жылдың 7 айында Алматы облысының тұрғындары «Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерін үйге шақырту» қызметін 1200-ден астам рет пайдаланған.
Бұл қызметті ерекше қажеттіліктері бар азаматтар, ҰОС ардагерлері және соларға теңестірілген тұлғалар пайдалана алады.
ХҚКО қызметкерін шақырту үшін 1414 телефоны бойынша бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалып, өтініш қалдыру қажет. Оператор қажетті қызмет түрін және қызметті көрсетудің қолайлы уақытын анықтайды.
Айта кетелік, үйде көрсетілетін қызметке облыста көбіне электрондық цифрлық қолтаңбаны алу және әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін жүгінген.
Естеріңізге сала кетейік, азаматтар 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы қызмет ала алады, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығына алдын ала кезекке жазыла алады.