“Пилоттық жоба осы саланы сауықтыруға және жосықсыз бәсекелестікті жоюға бағытталған. Жалпы, 2019-2021 жылдары 157 млрд теңгеге 2,7 млн тонна астық импортталды. Оның ішінде Ресей Федерациясынан – 145 млрд теңгеге 2,7 млн тонна астық бар. Өз кезегінде, жалпы астық экспорты 2,1 трлн теңгеге 20,2 млн тоннаны құрады. Оның ішінде РФ – 55 млрд теңгеге 441 мың тонна. 2019-2021 жылдары астық пен ұнды экспортқа шығарушыларға 127 млрд теңге мөлшерінде қосылған құн салығы қайтарылды, оның ішінде: 2019 жылы 21 млрд теңге, 2020 жылы 27 млрд теңге, 2021 жылы 50 млрд теңге”, – деп атап өтті комитет төрағасының орынбасары.
⠀
Спикердің сөзінше Ресейден импортталған бидайдың үшінші елдерге, оның ішінде кері экспорттау және олар бойынша ҚҚС өтеу тәуекелдері бар екенін ескеру қажет.
⠀
“Мұндай тәуекелді болдырмау үшін Комитет “Атамекен” ҰКП-мен бірлесіп ҚҚС-ты жеңілдетілген қайтару бойынша пилоттық жобаны іске асырды. Жоба нарықтағы заңсыз әрекеттерге қарсы іс-қимыл жүргізеді. Бұл мемлекет пен бизнестің бірлескен саясаты. Басты мақсат – бұл саланы сауықтыру және жосықсыз бәсекелестікті жою”, – деді Қайрат Миятов.