Қаңтар-мамыр Қарасай ауданына 57,5 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,8 пайызға өскен.
Айта кетейік, инвестиция тарту бойынша аудан 26,1% үлеспен облыста көш бастап тұр.
Ағымдағы жылы 5 жұмыс орнын құрумен Қаскелең ашық тарату қондырғысына қосылатын Көкөзек қосалқы станция құрылысының тек 1-ші жобасын пайдалануға беру жоспарлануда, инвестиция көлемі 2,8 млрд. теңгені құрайды.
Жобаны іске асыру барысында 25 жұмыс орны құрылады деп көзделген.