ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде онлайн бақылау-касса машиналарының модельдерін әзірлеушілер мен өндірушілеріне маңызды ақпарат таратты.
Мемлекеттік кірістер органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз ететін БКМ техникалық талаптарына және сәйкестік нысанына, техникалық талаптарына сәйкес, деректерді БКМ-нан фискалдық деректер операторының серверіне беру хаттамаға сәйкес жүзеге асырылады. БКМ талаптары «Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығымен бекітілген.
«БКМ қолдану мәселелері бойынша» жұмыс тобы шеңберінде БКМ әзірлеушілерімен, өндірушілерімен және фискалдық деректер операторларымен бірлесіп, онлайн БКМ фискалдық деректер операторының серверіне деректерді беру хаттамасы әзірленіп, бекітілді. Бұл Хаттама Комитеттің ресми сайтында https://kgd.gov.kz/ru/content/primenenie-kontrolno-kassovyh-mashin-1 сілтемесі бойынша жарияланған.
Жаңа нұсқаға көшуге байланысты, мемлекеттік тізілімге енгізілген онлайн БКМ модельдерін әзірлеушілер мен өндірушілер 2022 жылғы 20 шілдеге дейінгі мерзімде деректерді онлайн БКМ-нен фискалдық деректер операторының серверіне беру жөніндегі 2.0.2 нұсқасындағы хаттамасын тестілеу жұмыстарын аяқтауы керек.
Енгізілген өзгерістер БКМ чегіне әсер етпейді. Жалпы бақылау-касса машиналарының тізілімінде 264 түрі тіркелсе, оның ішінде онлайн бақылау-касса машиналары – 124.