Оңтүстік астанада жаппай тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен шағын және орта кәсіпкерлерге 14,5 миллиард теңге өтемақы төленді. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, депп жазады Sputnik.kz.
Оның айтуынша, 66 өтінім қанағаттандырылмаған. Өйткені олар шағын және орта бизнес саласына жатпайды, жеке тұлға атынан өтінім берген немесе Алматыда тіркелмеген.
“Бүгінде зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерінің 99%-і өз қызметін қалпына келтірді және толыққанды салық төлеуші саналады. Он алтыға жуық компания қалды, олар бойынша қорытынды керек. Оны алғаннан кейін біз оларға 2,8 миллиард теңге төлейміз. Қажетті ақша бар”, – деді Досаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Шаһар басшысы өз сөзінде ШОБ-та еңбекке қабілетті қал халқының 64%-і жұмыс істейтіндігін атап өтті.
“Шағын және орта бизнес – қала экономикасының негізі. Сондықтан бизнесті қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. 2022 жылы бюджеттен қосымша 5 миллиард теңге бөлініп, 46,9 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылды. Бүгінде 16,5 миллиард теңгеге шағын және орта бизнестің 219 жобасы қаржыландырылды”, – деді әкім.
Нәтижесінде 1 маусымдағы жағдай бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындар саны 19,5%-ке өсті.