Еділ Тасболатұлы аудандағы ауылшаруашылығы тауарларын өндіруші кәсіпкерлермен кездесіп, егістік басына барып, бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.
Кездесу барысында кәсіпкер Ануар Қадыров таяу болашақта өнімнің сапасын сақтау үшін, акустикалық мұздату зауытын салуды жоспарлағанын жеткізді. Сондай-ақ ол қазіргі кезде егістікті дәстүрлі суарудан бас тартып, тамшылатып суару әдісін қолданып жүргенін атап өтті.
Сонымен қатар кәсіпкерлер өндірілген өнімді өткізу мәселесі шешімін таппағандығын алға тартты. Бұл күрмеулі мәселеге қатысты, облыстық палата өкілдері «Магнум» сауда үйі желілерімен өнім өткізу келісім шарты бар екенін тілге тиек етті.
Ал қараталдық кәсіпкерлердің бірі Рябых Сергей Үкіметтен қолдау болса, нәтижелі жұмыс жасап едік деген ойын жеткізді .
«Әрине егістікке қажетті жермен, өнім өткізу мәселесін Үкімет тарапынан шешіп, қолдау көрсетсе, егетін жер берсе егістіктің көлемін артыру жоспарда бар»,- деді ол.
Кездесу соңында Хасен Оглы бастаған ауыш шаруашылығын өндіруші азаматтар Еділ Тасболатұлына Қаратал ауданындағы ауылды жерлерде көкөніс өсіріп жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын жандардың басын қосатын «Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативін» құру жайын талқылады.
Өз кезегінде, Палата өкілдері көтерілген мәселелерді аяқсыз қалдырмауға сендіріп, қайтты.