«Үкілі үміт» — 2010 жылы ашылған алғашқы жеке қазақ балабақшасы.
Бүгінде балабақшамызда 8 топта, 150 бала тәрбиеленуде.
Әр баланың жеке қабілетін ашып, шығармашылық ойлауын, танымдық қызығушылығын және дербестігін дамытуға қолайлы, қауіпсіз әрі мейірімді орта қалыптастыру.
Ойын арқылы сапалы білім беру, балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және мектепке дайындығын қалыптастыру.
Біздің балабақшада білім беру ортасының сапасын халықаралық ECERS-3 (Early Childhood Environment Rating Scale, 3rd Edition) шкаласына сәйкес ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Мамандармен жеке жұмыс және спорт, өнер, интеллектуалдық бағыттағы үйірмелер.
Балалардың мектепке бейімделуін қамтамасыз ету үшін авторлық кітаптар мен тиімді әдістемелерді қолданамыз.
Біздің педагогтар — тәжірибелі, кәсіби, жігерлі әрі әр баланың мүмкіндігін аша отырып, қолайлы және шабыттандыратын оқу ортасын құруға әрдайым дайын.
Балабақшаға келіп, топтарды көріп, педагогтармен танысыңыз. Сұрақтарыңызға қуана жауап береміз!