No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

1 сәуірге дейін көлік салығын төлеп үлгеріңіз!

14.03.2023
Әлеумет, Жаңалықтар
156
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Қуаныш Түменбаев көлік салығын 1 сәуірге дейін төлеу қажет екенін айтты, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

2023 жылдың 1 сәуіріне дейін көлік иелерінің барлығы міндетті түрде өткен жыл үшін салық төлеулері керек. Төлем уақытылы жасалмаған жағдайда, әрбір кешіктірілген күн үшін қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл алынады.

«Борышкерге 30 жұмыс күні ішінде берешекті өтеу туралы хабарлама жіберіледі. Хабарландыру мерзімі өткеннен кейін берешек сомасы 1 АЕК-тен асатын болса, борышкерге 5 жұмыс күні ішінде берешекті өндіріп алу туралы салық бұйрығы жіберіледі», – деді спикер.

Спикер атап өткендей, салық төлемеген борышкерлерге сот орындаушылары тарапынан тиісті шаралар қолданылады, оның ішінде мүлкі мен банк шоттарына тыйым салудан бастап, оның ішінде елден тыс жерлерге шығуына шектеу қойылады. Бұл ретте қарыз сомасына қосымша негізгі қарыз сомасының 25%-ға дейінгі мөлшерінде сот шығындары алынады. Сондай-ақ, борышкерлер банктік қызметтерді ала алмайды, оның ішінде банк шоттарын ашу, ақша аудару, несие алу және т.б. бар.

Салық сомасын e-Salyk-Azamat мобильді қосымшасы арқылы немесе Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz интернет-ресурсында есептеп, төлеуге болады.

«Көлік салығын e-Salyk-Azamat мобильді қосымшасы арқылы төлеуге болады. Қосымшада төлемді жүзеге асыруға болатын «Салық әмияны» қызметі бар. Сонымен қатар, бұл қосымша дайын реквизиттерді пайдалана отырып, бір уақытта төлемдерді жүзеге асыру мүмкіндігімен «алдағы төлемдер» сервисінде есептелген салық сомасын білуге мүмкіндік береді», – деп бөлісті Қ.Түменбаев.

Салық төлемдерін екінші деңгейлі банктердің, «Қазпошта» АҚ филиалдарында немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы да төлеуге болады. Сонымен қатар, басқарма салықты көлік құралы иесінің тұрғылықты жері бойынша төлейтінін еске салды.

Агенттіктің мәліметінше, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Алматыда 441 221 жеке тұлғаның атына тіркелген 709 944 көлік бар. 2022 жылға есептелген салықтың жалпы сомасы 16,6 млрд теңгені құрайды.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Шымкенттік кәсіпкерлер 8 мың тонна мазутты заңсыз сатқан

06.09.2022

Auto Giant Stellantis Трамптың тарифтері бойынша белгісіздікке байланысты толық жылдық басшылықты тоқтатады – CNBC

01.05.2025

Қазақстанда 12 айда брокерлік шоттардың саны екі есеге өсті

07.10.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа