No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Айна

Мақсат Халық: «Рубль құнсыздануы — Қазақстан нарығына соққы болып тиюі мүмкін»

Экономист маман Мақсат Халық рубль құнсыздануының еліміз үшін қандай әсері болуы мүмкін екенін kazbusiness.kz-ке айтып берді.

10.03.2023
Айна, Жаңалықтар
73
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Ресей Федерациясына салынған санкциялардың Қазақстан экономикасына да әсер еткені және әлі де әсер ететіні сөзсіз. Жалпы 2022 жылдың қорытындысы бойынша солтүстік көршіміздің бюжет тапшылығы 3,3 трлн рубльге жетті. Осы орайда, kazbusiness.kz танымал экономикалық сарапшы, қаржыгер маман Мақсат Халықтан ресейлік рубльдің жағдайы мен оның Қазақстан экономикасына әсері туралып сұрап көрді.

Экономист биыл ресейлік рубльдің біршама әлсірейтінін топшылап отыр:

— Өткен жылы Ресей қанша санкцияға түсіп жатса да, рубль ең құнды валюта екенін көрсетуге тырысты. Бірақ қазір Ресей бюджетінде дефицит (кірістен шығын көп болуы — ред.) қатты артқанын көріп отырмыз. Нәтижесінде рубльді құнсыздандырмаса болмайтын фактор орын алып тұр. Енді алдағы уақытта Ресей билігі рубльді қолдан ұстап отыра алмайды, өйткені бюджетте үлкен тапшылық бар. Сондықтан мұндай қадамға баратыны түсінікті, — деп түсіндіреді М.Халық.

Сондай-ақ М.Халықтың айтуынша, рубльдің әлсіреп, теңгенің күшеюі Қазақстан экономикасына оң әсер ете қоймайды. Қайта ішкі нарықта жұмыс істейтін кәсіпкерлерге үлкен соққы болуы мүмкін екенін айтады.

— Қазірдің өзінде рубль құнсызданып жатыр және теңге мен рубльдің паритетіне қарасақ, бұрыңғы бағаға қайтып қалды. Былтыр жазда 1 рубль 9 теңгеге дейін жеткен. Бүгінде 5-6 теңгеге оралып келе жатыр. Рубль құнсыздана беретін болса, алдағы уақытта теңге рубльге қатысты құнын тіпті арттыру мүмкін. Мұндай жағдай елімізге жақсы әсер етпейді. Өйткені 2014 жылы теңгеміз қатты күшейіп кеткен кезде біздің нарығымызды Ресейдің азық-түлік өнімдері басып қалған еді. Соның ішінде жұмыртқа, тауық еті сынды негізгі өнімдер солтүстік көршімізден қатты арзанға келіп, біздің компанияларды біраз шығынға ұшыратқан. Тіпті көпшілігі банкроттыққа жетейін деп қалды. Қазірдің өзінде қант мәселесінде осындай қауіптер бар. Қазір осы жағдай қайталанып, біздің теңгеміз рубльге қатысты күшейетін болса, онда ішкі нарыққа өте үлкен соққы болып тиюі мүмкін. Биыл осындай қауіптер күтіледі, — дейді қаржыгер.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Жыл басынан бері Сарқан ауданына 24 млрд. теңге инвестиция тартылған

09.09.2022

Кәсіпкерлер QR код арқылы прокуратураға хабарласа алады

18.02.2023

Доллар қымбаттады

13.02.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа