No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Айна

Виза аламыз деген 60-қа жуық адам сан соқты

Шетелге виза ресімдейтін Алматы компанияның кесірінен 60-қа жуық адам алданып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

30.11.2022
Айна, Жаңалықтар
3
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Компания Оңтүстік Кореяға виза алуға және басқа елде жүргендк көмектесетін гид беруге уәде етті. Бірақ компания қызметкерлері келісімшарт талаптарын орындамай, кеңсе мекенжайын ауыстырып жіберген.

Алданған клиенттер бұл компанияның әлеуметтік желілерде жарнамалары бар екенін айтты. Олар құжаттарды рәсімдеп, визаларды қысқа мерзімде дайындауға уәде береді. Клиент тек ақысын төлеп, ұшуға дайындалуы керек.

«Анам екеуміз осы бизнес орталыққа келіп, осы турфирманы таптық. Олармен тілдесіп, не болатынын білдік. Олар 1,5 мың доллар (704 мың теңге) төлеу керек деді. 12-19 маусым аралығында Кореяда болуымыз керек еді», – деді қала тұрғыны Ертай Махамбетов,

Бірақ Кореяға ешкім ұшпады.

«700 мың теңге несие алып, қолма-қол ақша төледім, түбіртек пен чек бар. Бірақ олар визадан бас тартылды деп мені Кореяға жібермеді.  Бәріне солай деген. Бізді алдап, ақшаны қайтармайды», – деді тағы бір алданған клиент Назерке Шыныбекова.

Компания клиенттерінің қолында келісімшарттар бар. Олардың айтуынша, онда бас тартылған жағдайда ақшаны қайтару керек деген тармақ жазылған. Мұны компания өкілі растап, тіпті қолхат жазды.

«Қолхат шілде айында жазылды. Мұнда ол ақшаны екі апта ішінде қайтаруға міндетті екені көрсетілген. Бірақ әлі күнге дейін ақша жоқ», – дейді тұрғын.

Алты ай бойы алданған клиенттер ақшаларын қайтаруға тырысты. Содан кейін олар полицияға жүгінді.

«Қылмыстық іс бойынша 21 адам жәбірленуші деп танылды, олар өздерінің ресми өтініштерін берді. Полиция бөлімшесі істің объективті мән-жайларын анықтауға және кінәлі адамдарды жауапкершілікке тартуға бағытталған жедел және тергеу іс-шараларының кешенін жүргізеді», – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

“Аса ірі мөлшердегі алаяқтық” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Егер компания иесінің кінәсі дәлелденсе, ол 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбеде компания 200-дей адамды Түркияға оқуға түсіремін деп сан соқтырғаны хабарланды.

Байланысты Материалдар

«Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді

28.03.2023

Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған

28.03.2023

Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

28.03.2023

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Алматы облысы: 2023 жылы ет өндіру көлемі 300 мың тоннаға дейін ұлғаймақ

27.01.2023

2023 жылы Ұлттық қордан қанша қаражат алынады?

19.10.2022

Заң бұзған кәсіпкерлерге қандай шара қолданылады?

29.09.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • «Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді
  • Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған
  • Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа