2022 жылдың қыркүйегінде мемлекет басшысы “жайлы мектеп” ұлттық жобасын әзірлеп, іске асыруды тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір қазақстандық оқушының оқу және жан-жақты даму үшін лайықты жағдайлары болуы тиіс екенін атап өтті, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
“Ұлттық жоба апатты жағдайдағы мектептерді, үш ауысымды оқытуды және оқушы орындарының тапшылығын жоюға бағытталған. Жоба аясында 740 мың оқушы орнына арналған жаңа форматтағы 369 заманауи мектептің құрылысы жоспарланған. 205 білім беру нысаны қалаларда, 164 ауылда салынады”, – деп хабарлады Үкімет.
217 ғимараттың құрылысы 2024 жылға, тағы 152 ғимарат 2025 жылға жоспарланған.
Үкіметтің мәліметінше, мектеп құрылысы бойынша жобаны іске асыруға 2,4 триллион теңге бөлінеді.