No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

“Әлемде оныншы орын”: Елімізде балалар суициді 33% артты

14.06.2023
Әлеумет, Жаңалықтар
17
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

ТМД бойынша Қазақстан суицидтен көш бастап тұр. Әсіресе, балалар суициді мамандарды алаңдатып отыр деп хабарлайды Kazbusiness.kz

2022 жылы еліміздегі білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының психологтары 411 жасөспірімге қол ұшын созды. Республикалық Жастарды қолдау кеңесінің кезекті отырысында жасөспірімдер мен жастар арасындағы буллингтің таралуы және жастардың психикалық денсаулығы мен суицидтің алдын алу мәселелері талқыланды.

“ЮНИСЕФ мәліметі бойынша, еліміздегі балалардың 66 пайызы мектепте зорлық-зомбылық пен кемсітушілікке тап болады. Тиісінше, мамандардың айтуынша, қорлау мен бопсалау элементтері балалардың бойында суицидтік мінез-құлық қалыптастырады. Өкінішке орай, ДДСҰ-ның дерегіне сәйкес, еліміз жасөспірімдер арасындағы суицид саны бойынша әлемде 10-орында тұр”, – деді кеңес төрағасы.

ҚР оқу-ағарту министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова да буллинг – жасөспірімдер арасындағы өте өткір мәселе екенін атап өтті. Оған жол бермеу мақсатында ведомство биыл наурызда мектепішілік есепке алу тәртібін реттеуді көздейтін әдістемелік ұсынымды бекітті.

“Бұл ұсынымдар ерекше назар аударуды және уақытылы әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуді қажет ететін оқушыларды ерте анықтауды көздейді. Балалар арасындағы әлім-жеттіктің алдын алу және ондай оқиғаларды дер кезінде анықтап отыру мақсатында жыл сайын 11 мыңнан астам педагог оқытылады. Сондай-ақ министрлік балаларды зорлық-зомбылықтан, өз-өзіне қол жұмсаудан қорғау және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында 2023-2025 жылдарға арналған “Бала қорғау” кешенді жоспарының жобасын әзірлеп, қоғамдық талқылауға ұсынды”, – деді комитет төрайымы.

Ал денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник болса былтыр елімізде 1456 денсаулық сақтау маманы суицидтің алдын алу бойынша оқудан өткенін айтты.

“Қазақстанда психиатр тапшылығы 40 пайыздан 15 пайызға дейін төмендеді. 2022 жылы еліміздегі білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының психологтары 411 жасөспірімге қол ұшын созды. Жалпы ел аумағында тұрғындарға 20 психикалық денсаулық орталығында, қалалық емханалар деңгейінде 76 бастапқы психикалық денсаулық орталығында, ауылдық деңгейде 203 психикалық денсаулық кабинеттерінде мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі”, – деді вице-министр.

Бас прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі бастығының орынбасары Сәкен Сәмет балалар арасындағы суицидті тергеу жұмысы күшейтілгенін және прокурорлар 2 жылда уәкілетті, жергілікті атқарушы органдарға 163 қадағалау актісін енгізгенін, нәтижесінде 508 лауазымды тұлға жауапқа тартылғанын атап өтті.

“Былтыр балалар арасындағы суицид біршама төмендегенімен, өкінішке орай, биыл 5 айда бұл жағымсыз үрдіс 33,3 пайызға, яғни 54-тен 72-ге дейін артып отыр. Талдау нәтижесі 13-17 жас аралығындағы балалар өз-өзіне қол жұмсауға мейлінше бейім екенін көрсетті. Балалар өз-өзіне көбіне-көп үйде қол жұмсайды”, – деді ол.

Сөз соңында кеңес төрағасы Нартай Аралбайұлы елімізде жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлімжеттіктің, суицидтің алдын алу шаралары жүйелі түрде жүргізіліп жатқанымен, отандастарымыз оң нәтижені сезінбей отырғанын жеткізді.

“Жасөспірімдер мен жастар арасында өктемдік, әлімжеттік бар екенін білсек те, нақты қанша бала оның құрбаны болып жатқанынан бейхабармыз. Мәлімет жоқ болған соң, құзырлы органдардың жұмысын да тиісті деңгейде бағалай алмай отырмыз. Бала – әрқайсымыздың, тіпті тұтас мемлекетіміздің болашағы. Сондықтан, оларды толғандырған мәселеге атүсті қарауға болмайды. Бүгін осы олқылықтың орнын толтыруға қатысты бірқатар нақты ұсыныс айтылды. Оның барлығы тиісті мемлекеттік мекемелерге жолданады. Тіпті қажет болған жағдайда заңға өзгерістер енгізуге атсалысамыз”, – деді кеңес төрағасы.

 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

ҰБТ – 2023: грантқа қай күннен бастап құжат қабылдана бастайды?

22.05.2023

Риддер жылу электр орталығының қарызы 3,3 млрд теңгені құрады

19.06.2023

Блогерлерге 345 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін

27.05.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа