Қарасай ауданының прокуратурасы, Алматы облыстық жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы, Қарасай аудандық жұмыспен қамту орталығы және Қарасай аудандық пробация бөлімімен бірлесе отырып бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Аталған шара аудан көлемінде алимент төлеміне қарыздар борышкерлер мен мемлекетке және басқа да берешегі бар тұлғаларды тұрақты жұмыс орыны болмаған себеппен өз міндеттерін дұрыс орындай алмай жүрген азаматтарды ресми жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған.
жәрмеңкеге 20-дан аса жұмыс берушілер қатысып, пробацияда есепте тұратын тұлғаларды жұмысқа орналастыру кезінде кездесетін әртүрлі мәселер де көтерілді.
“Алимент мәселесі әлеуметтік маңызы бар істер санатына жатады және мемлекет тарапынан қатаң бақылауға алынған. Бұл тұрғыда біздің басты мақсатымыз борышкерлерге тұрақты жұмыс орындарын тауып беріп, болашақта олардың өз міндеттерін толық әрі уақытылы орындап отыруын қамтамасыз ету болып табылады” – дейді прокуратура өкілдері.