No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Алматы облысының тұрғындары аптап ыстықта ауыз сусыз қалды

21.07.2023
Әлеумет, Жаңалықтар
57
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алматы облысының ауыл тұрғындары су тапшылығына наразылығын білдірді деп хабарлайды Kazbusiness.kz

“Нәрестені қырқынан шығаруға су таппай отырмыз”. Екі айдан бері аптап ыстықта тіршілік көзінен тарыққан Алматы облысындағы Бесағаш ауылының жұрты осылай шағым айтты.

Бесағаш тұрғындары су үшін ауылдың екінші шетіне баруға мәжбүр, мұның өзі тұрғындарға жетпейді. Олар бұл мәселені шешуді сұрайды және бірнеше рет шенеуніктерге барды.

Жұлдыз Көбегенова Бесағашта 10 жылдан бері тұрады. Әйелдің айтуынша, мұнда суға түсу, кір жуу, тіпті тамақ дайындау мүмкін емес. Жергілікті билік үйлерге су тасымалдауды ұйымдастырды. Бірақ судың сапасы нашар.

“Соңғы рет су 24 мамырда болды. Жазда осындай проблема бар. Бес литрлік бөтелкелерді алып жүру керек. Мен сәл жоғары тұрамын, әкімдік ұсынатын су таситын көліктер бізге жетпейді. Ал сол жақтан су алатындар ондағы су таза емес дейді. Заттарды жуу үшін туыстардың үйіне қалаға бару керек”, – деді Бесағаш ауылының тұрғыны Жұлдыз Көбегенова

Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі – “Тасқұм-Су”серіктестігінің меншігі. Онда олар көп шақырымдық құбырлар әлдеқашан тозғанын айтты. Сонымен қатар су жеткізушінің қарызы бар.

Аптап ыстықта сусыз қалу әсіресе қарттар мен жаяуларға қиын соғып жатыр. Себебі жақын жерде құдық, тіпті арық та жоқ.

Бесағаш ауылының жұрты су тапшылығын биыл ғана көріп отырған жоқ. Бұл – бұған дейін де көтерілген мәселе. Сондықтан болар, ауылдың кейбір тұрғындары цистерна сатып алып қойған. Ол жерге сатып алған суын құяды. Енді онда жиналған суды ішу тұрмақ, жуынуға да жарамсыз.

Тұрғындардың айтуынша, ауылдың жартысын бір басқа, екінші бөлігін өзге жекеменшік мекеме тіршілік көзімен қамтамасыз етеді. Басы дауға қалған серіктестіктің өкілі “су мүлдем жоқ” дегенмен келіспеді, бірақ барлығына түгел жетпейтінін мойындады.

“Қазіргі уақытта ЖШС банкроттықтың алдында тұр, өткен жылдан бастап аудан әкімдігіне, облыс әкімдігіне хат жазып келеміз. “Алматы Су” алдында қарызымыз көп. 100 миллион теңгеден астам қаржы берешегіміз бар. Әкімдікке желі немесе “Алматы Су” балансына бізді алуы үшін хат жаздық, өйткені біз оларға қарыздармыз. 4 шілдеде тағы бір хат жазылды”, – деді “Тасқұм-Су” ЖШС өкілі Ернар Татанов.

“Бұл – 20 жылдан бері жалғасып жатқан мәселе.  “Бесағаш Оңтүстік сумен жабдықтау” жобасы бар. Бұл – 7 миллиард 400 миллионды қамтитын бюджеттік жоба. Ол бірінші рет сараптаманы сәтсіз аяқтады, өйткені екі сорғы желісі заңдастырылмаған. Жерге мемлекеттік акт болған жоқ. Мұның бәрін жойдық. Қазір сараптамаға өтінім қайта тапсырылды”, – деді Бесағаш ауылдық округінің әкімі Ернар Жүнісов.

Әкім су болады деп сендірді, бірақ тамыздың аяғында ғана дейді, ал әзірге адамдар тек шыдамдылық танытып, өзекті мәселені тез арада шешуге үмітті.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қазақстан бойынша тағы төрт өткізу бекетіне электронды кезек енгізіледі

18.02.2023

Прокурорлар бизнесті қорғауда

16.02.2023

“Zhas project” жобасы аясында Үштөбе қаласында кинотеатр ашылды

30.09.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа