Әлеуметтік желіде Алматыда қоғамдық көлік ішінде жолаушылардың бірі жанжал кезінде пышақ жарақатын алғаны жайлы ақпарат тарады. Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Kazbusiness.kz
Оқиғаның видеосы egovpress Telegram арнасында жарияланды.
Видеода жолаушының бірі пышақ жарақатын алған жанжалдың N63 автобуста болғаны айтылады.
Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
“Осы қылмысты жасады деген күдікпен 1991 және 1992 жылы туған екі ер адам ұсталып, уақытша қамауға алынды. Алдын ала мәлімет бойынша, автобустағы жанжалдың салдарынан 26 жастағы алматылық пышақ жарақатын алған”, – делінген хабарламада.